• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 64

471 рет
көрсетілді

Б.Қ.Байбекті Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 9 тамыз. № 64 Бауыржан Қыдырғалиұлы БАЙБЕК 1974 жылы туған. «Болашақ» Президенттік бағдарламасы шеңберінде Любек қаласының (ГФР) Жоғарғы мектебін, Орта Азиялық университетті бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Ағылшын, неміс тілдерін меңгерген. Еңбек жолын 1999 жылы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде бастаған. 2002-2013 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2013 жылғы қаңтардан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
Соңғы жаңалықтар